Өзбекстан мен Тәжікстан Азия кубогінің плей-офф кезеңіне шықты

23.01.2024, 21:12

Тәжік футболшылары тарихында алғаш рет топтан шықты

Өзбекстан мен Тәжікстан Азия кубогінің плей-офф кезеңіне шықты
Turkmenportal

Футболдан Азия кубогінің топтық кезең ойындары аяқталды. Жарыстың басты сенсациясы – Өзбекстан мен Тәжікстан құрамаларының плей-офф кезеңіне шығуы.

Алдымен Тәжікстан құрамасы шешуші ойында Ливанды 2:1 есебімен ұтып, топтан шықса, бүгін Өзбек футболшылары Австралиямен 1:1 есебімен тең түсіп, топта екінші орынға ие болды.

A тобында бірінші орынды 9 ұпаймен Катар иеленсе, тәжіктер 4 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал, B тобында Аустралия құрамасы 7 ұпаймен көш бастап тұр. 5 ұпай жинаған Өзбекстан екінші орында.

Азия кубогінің 1/8 финалы қаңтар айының соңында басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Марат Достаевпен Подкаст. Неге ҚФФ Медиалигаға тыйым салмайды?