Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Палестина тарихында алғаш рет Азия кубогінің финалына шықты

24.01.2024, 00:22

Жарыстың финалы 10 ақпанда өтеді

Палестина тарихында алғаш рет Азия кубогінің финалына шықты
Reuters

Футболдан Азия кубогінің плей-офф кезеңіне шыққан тағы бір сенсациялық команда белгілі болды. Тарихында аталған жарыста жеңіске жетіп көрмеген Палестина футболшылары Гонконгты ойсырата жеңіп, топтан екінші орынмен шығып отыр.

Айта кету керек, Азия кубогі жолындағы жарыстардың бірде-бірінде Палестина жеңіске де жетіп көрмеген екен. Олар бүгін Гонконг құрамасының қақпасына жауапсыз үш доп соқты. Одай Даббаг дубль авторы атанса, Заид Кунбар бір голмен көзге түсті.

Осылайша, топта төрт ұпай жинаған палестиндіктер үшінші орын алып, финалдық кезеңдерге берілетін қосымша мүмкіндікке ие болып отыр.

Палестина құрамасы Азия кубогіне алғаш рет 2015 жылы қатысып, топтан шыға алмаған. 2019 жылы да осы сәтсіздік қайталанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам