Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

«Қайратпен» қарымта матч алдында «Селтик» басты қорғаушысынан айырылды

23.08.2025, 12:19

Джонстонға толық қалпына келу үшін шамамен үш ай қажет

«Қайратпен» қарымта матч алдында «Селтик» басты қорғаушысынан айырылды
«Селтик» ФК

«Селтик» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде алматылық «Қайратқа» қарсы қарымта ойын алдында маңызды ойыншысынан айырылды.

The Scottish Sun дерегінше, команданың бас бапкері Брендан Роджерс қорғаныстағы басты тіректің бірі Алистер Джонстонның жарақат алғанын растады.

Оң қапталда өнер көрсететін каналық қорғаушы алғашқы кездесуде сіңір жарақатын алып, ойынды жалғастыра алмаған, ол алаңнан дәрігерлердің көмегімен кетті.

Дәрігерлер қорытындысына сәйкес, Джонстонға толық қалпына келу үшін шамамен үш ай қажет. Осыған байланысты ол Алматыдағы шешуші ойыннан ғана емес, «Рейнджерспен» өтетін басты дербиден де тыс қалады.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Селтик» арасындағы қарымта матч 26 тамызда Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді. Жеңімпаз клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтеді, ал жеңілгені Еуропа лигасында өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам