Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Жас футболшыны Орта Азиядан келген мигранттар ұрып өлтірді

24.08.2025, 08:11

Ұсталғандар арасында Орта Азия елдерінің бірінің 2005 жылы туған азаматы бар

Жас футболшыны Орта Азиядан келген мигранттар ұрып өлтірді
«Русская община Щелково» ФК

«Русская община Щелково» әуесқой клубының футболшысы Арсений Ерошевич Щёлковода түнгі клуб жанында соққыға жығылып, көз жұмды.

Дереккөз мәліметінше, 17 тамызда Ерошевич пен екі ер адамның арасында Щёлководағы түнгі клубтардың бірінде жанжал шыққан. Көшеге шыққан соң спортшыға бірнеше адам жабылып, олардың бірі артынан соққы жасаған. Салдарынан футболшы жерге құлап, басын асфальтқа соғып алған. Ол есінен танып қалғанына қарамастан, бұзақылар жерде жатқанына қарамастан тепкілеген.

Футболшы ашық бас сүйек жарақатымен, ми гематомасымен және көмей жыртылуымен жансақтау бөліміне жеткізілді. Ол комаға түсіп, есін жия алмады.

Оқиғадан кейін Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен іс қозғалды. Күдіктілер қашып кетуге талпынғанымен, полицейлер оларды Нижний Новгородтан ұстады. Ұсталғандар арасында Орта Азия елдерінің бірінің 2005 жылы туған азаматы және 2001 жылғы жергілікті тұрғын бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам