Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Криштиану Роналду финалда тағы жеңіліп трофейсіз қалды

23.08.2025, 20:04

Осымен төртінші клубынде голдарының санын 100-ден асырып отыр

Криштиану Роналду финалда тағы жеңіліп трофейсіз қалды
©x.com/AlNassrFC

Гонгонгта Сауд Арабиясының футболдан Суперкубогы өтті. Финалда «Әл-Ахли» мен «Әл-Наср» кездесті.

Бұған дейін «Әл-Наср» жартылай финалда «Әл-Иттихадты» (2:1), ал «Әл-Ахли» болса, «Әл-Кадисияны» (5:1) жеңген болатын.

Финалдың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Матчта «Әл-Наср» екі рет алға шықты: 41-минутта португалиялық капитан Криштиану Роналду гол соқса, 83-минутта хорват жартылай қорғаушысы Марсело Брозович көзге түсті. Алайда «Әл-Ахли» есепті теңестіре білді. Джидда қаласының командасы сапынан 45+6-минутта ивуариялық хавбек Франк Кессье, ал 83-минутта бразилиялық қорғаушы Рожер Ибаньес мергендік танытты.

Регламент бойынша ойын бірден пенальти сериясына ұласты. «Әл-Ахли» футболшылары барлық бес соққысын дәл орындады. Ал сенегалдық қақпашы Эдуар Менди «Әл-Наср» жартылай қорғаушысы Абдулла әл-Хайбаридің соққысын қайтара білді.

 Нәтижесінде Джидда клубы пенальтиде 5:3 есебімен жеңіске жетіп, Сауд Арабиясы Суперкубогын екінші мәрте иеленді.

«Әл-Наср» бұл турнирдің финалында қатарынан екінші жыл жеңіліс тапты. Криштиану Роналду  клубпен соңғы екі жылда ешқандай трофей жеңе алмады.

Оның «Әл-Насрмен» жалғыз жетістігі – 2023 жылдың тамызында өткен Араб елдері чемпиондарының кубогы.

Айтпақшы, Роналду осы ойында тағы бір рекорд жаңартты. Португалиялық төртінші клубы мен ұлттық құрама сапында голдарының санын 100-ден асырып отыр. Бұл жаңа рекорд.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам