
ІІМ-ге алаяқтық бойынша шағым жолдады
2024 жылдың қаңтар айында белгісіз адамдар жалған құжаттарды пайдаланып, “Қайрат” футбол клубының қожайыны Қайрат Боранбаевқа тиесілі «КонсалтингГаз» ЖШС-нің мүлкін сатуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Nege.Aqsha.
NEGE компанияның аудиттік есебіне сәйкес, әңгіме жалпы баланстағы құны 157,8 млн рубль болатын екі жер телімі мен олардың үстіндегі екі ғимарат жайында болған.
««КонсалтингГаз» ЖШС мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді, сондай-ақ ІІМ-ге алаяқтық бойынша шағым жолдады», – делінген Nege.Aqsha редакциясының қолында бар құжатта.
Бұл іс бойынша сот шешімі 2024 жылдың соңында шыққан. Құжат көшірмесіне қарағанда, нысандар Мәскеудегі Воскресенское елді мекенінде орналасқан. Сатып алу-сату келісімшарты 2023 жылғы 9 желтоқсанда азамат К.Д. мен «КонсалтингГаз» ЖШС арасында рәсімделген. Компания атынан құжатқа оның атқарушы директоры ретінде Санжар Құрманбаев қол қойған болып шыққан.
Сот сараптамасы қолтаңбаның Құрманбаевқа тиесілі еместігін анықтады. Осыған байланысты мәміле жарамсыз деп танылды.