ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Селтикпен» матчта «Қайраттың» негізгі қақпашысы ойнай алмайды

Бір айдың ішінде бұл мәселе шешіледі

скрин видео
скрин видео

Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин негізгі қақпашы Александр Заруцкийдің жарақатына қатысты пікір білдірді.

Заруцкий Глазгода өткен «Селтикке» қарсы ойында жарақат алған болатын. Кейбір БАҚ өкілдері қақпашы маусымның соңына дейін алаңға шықпайды деп хабарлаған еді. Алайда Уразбахтин бұл мәліметті жоққа шығарды.

«Жоқ, маусымның соңына дейін емес. Ол тек сіңірін созып алған. Ойлаймын, шамамен бір айдың ішінде бұл мәселе шешіледі», - деді бас бапкер баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы қарымта кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам