Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қызылжарда футбол ойнап жүрген жасөспірім қайтыс болды (ВИДЕО)

17.10.2023, 12:28

Оның жүрегі тоқтап қалған

Қызылжарда футбол ойнап жүрген жасөспірім қайтыс болды (ВИДЕО)
көрнекі фотосурет

Қызылжарда футбол ойнап жүрген 18 жастағы бозбала оқыстан құлап, қайтыс болды. Бұл ақпаратты СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы растап отыр. 

Ойын кезінде құлаған жігітті дәрігелерлер өлімнен арашалап қала алмады. Қайғылы оқиға 16 қазан күні кешкілік болған.

Жедел жәрдем көлігі қайтыс болған жігітке реанимациялық көмек көрсеткенімен нәтижесіз аяқталған. Ойын кезінде баланың жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болып отыр.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы 18 жастағы жігіттің Рауан Мұхтаров есімді азамат екенін атады. Ол кеше кешкілік қаладағы «Қарасай» стадионының қосалқы алаңында футбол жаттығуына қатысқан. 

Марқұм 2005 жылы дүниеге келген. Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында 2 курста оқып жүрсе керек.  Жастайынан бокспен айналысып, бірнеше турнирде жеңімпаз атанды. 2022 жылдың шілде айынан бастап футболға түбегейлі бет бұрып, «Қызыл-жар» футбол орталығында жаттығып жүрген.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам