Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Бразилияда футзал турнирінде қақпашы көз жұмды

05.09.2025, 10:13

Қақпашы айып добын кеудесімен тосып, кейін талып қалған

Бразилияда футзал турнирінде қақпашы көз жұмды
© Danilo Di Giovanni - The FA / Contributor / The FA Collection / Gettyimages.ru

Бразилияның Пара штатында өткен аймақтық футзал турнирінде қайғылы жағдай болды. Қақпашы Антонио Эдсон дос Сантос Соуза, ойыншылар арасында Пиксе деген атпен танымал спортшы, матч барысында өмірден өтті. Бұл туралы CNN Brasil хабарлайды.

Оқиға Аугусту-Корреа муниципалитетінде өткен ойын кезінде тіркелді. Қақпашы айып добын кеудесімен тосып, сейв жасаған сәтте командаластарымен қуана жүгіре бастады. Алайда бірер секундтан кейін кенеттен есінен танып, жерге құлаған.

Оған дереу медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер спортшыны аман алып қала алмады. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Футзал федерациясы қаза болған қақпашының жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам