Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Аңыздар шайқасы: Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер жұдырықтасады

05.09.2025, 12:05

айсон сонымен қатар келісімшартқа ресми түрде қол қойылғанын атап өтті

Аңыздар шайқасы: Майк Тайсон мен Флойд Мейвезер жұдырықтасады
Фото: allboxing.ru

Бокс әлемінің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон X әлеуметтік желідегі парақшасында Флойд Мейвезермен өтетін жекпе-жегі туралы жазба жариялады. 

«Темір Майк» өз парақшасында алдағы кездесу афишасын бөлісіп: «Аңыз аңызға қарсы. 2026» деген жазба қалдырды. Тайсон сонымен қатар келісімшартқа ресми түрде қол қойылғанын атап өтті: «Жақында», – деп нақтылады ол.

Афишада көрсетілгендей, жекпе-жекті екі спортшының промоутерлік компаниялары ұйымдастырады. Дегенмен жанкүйерлерге айқастың қай салмақ дәрежесінде өтетіні қызық. Себебі Тайсон мен Мейвезер әртүрлі дивизионда өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Майк Тайсон соңғы рет былтырғы қарашада блогер Джейк Полға қарсы жекпе-жекке шыққан еді. Арлингтондағы (Техас, АҚШ) турнирдің басты шайқасына айналған бұл кездесу сегіз раундқа жоспарланып, төрешілер шешімімен жеңіс ютуберге берілді. 

Флойд Мейвезердің де кәсіби мансабын аяқтағанына біраз болды. Соңғы жылдары ол қаржы табу мақсатында ғана жекпе-жектерге қатысып жүр, соның ішінде Джейк Полдың ағасы Логанмен де жұдырықтасқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам