ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Бес гол жіберіп, сыйлыққа көлік алу деген ұят». Ресейде Шерхан Қалмырзаны сынап тастады

02.10.2025, 16:28

Егер біз «Барселонамен» ойнап, осындай нәтижеге қол жеткізсек, мен ондай сыйлықты қабылдамас едім

«Бес гол жіберіп, сыйлыққа көлік алу деген ұят». Ресейде Шерхан Қалмырзаны сынап тастады
Фото: instagram/kallmurza

Ресейде «Қайрат» қақпашысын «Реалға» қарсы ойындағы сәтсіздігіне қарамастан алған сыйлығы үшін сынады.

Мәскеулік ЦСКА қақпашысы Владислав Тороп «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмырзаға «Реалмен» өткен ойында (0:5) кейін сыйға тартылған жаңа автокөлікке қатысты пікір білдірді.

Қалмырзаға «Реалмен» 0:5 есебімен ойнағаннан кейін көлік сыйлады. Егер біз «Барселонамен» ойнап, осындай нәтижеге қол жеткізсек, мен ондай сыйлықты қабылдамас едім, – деді Тороп.

Айта кетейік, кеше 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза ерекше құрметке ие болды. Оған кәсіпкер Ұлықбек Шарипов заманауи Exeed көлігін сыйға тартты.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулану 5
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам