ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Роберт Левандовскимен қырылған бапкер Қазақстан құрамасының тізгінін ұстайтын болды

06.10.2025, 20:44

Ресми мәлімдеме жақын күндері жарияланады

Роберт Левандовскимен қырылған бапкер Қазақстан құрамасының тізгінін ұстайтын болды
Mateusz Slodkowski/Getty Images https://football24.ua/ru/mir_tag36/

Қазақстан футбол федерациясы құраманың бас бапкері қызметіне поляк маманы Михал Пробежбен келісімге келді. Бұл туралы Польшаның Kanalsportowy.pl басылымы хабарлады.

Журналист Матеуш Боректің айтуынша, бұрынғы Польша құрамасының бас жаттықтырушысы Қазақстан ұлттық құрамасын баптауға келісім берген.

«Польшаның бұрынғы бас бапкері Михал Пробеж Қазақстан футбол федерациясымен келісімге келді. Ресми мәлімдеме жақын күндері жарияланады, бірақ келісімшарттың толық шарттары әзірге белгісіз», - деді Борек YouTube-тағы Moc Futbolu бағдарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері болған Әли Әлиев Бельгиядан 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін отставкаға кеткен еді.

Михал Пробеж 2023-2025 жылдар аралығында Польша құрамасын басқарған. Сондай-ақ ол Польша чемпионатындағы бірнеше клубта және Грекияның «Арис» командасында жұмыс істеген.

Пробеж көпшілікке «Барселона» клубының шабуылшысы Роберт Левандовскимен кикілжің арқылы таныс.

Даудың басталуына Левандовскидің шеттетілуі себеп болған. Футболшы бапкер қызметтен кетпейінше, ұлттық құраманың намысын қорғамайтынын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін Польша футбол федерациясы Михал Пробежді қызметінен алып тастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам