ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Өзбекстан футболында тарихи сәт: әлем чемпионы және «Алтын доп» иегері Ташкентке барды

06.10.2025, 15:28

Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар құрамымен бірге Өзбекстанға жетті

Өзбекстан футболында тарихи сәт: әлем чемпионы және «Алтын доп» иегері Ташкентке барды
championat.com

2006 жылғы футболдан әлем чемпионы және «Алтын доп» жүлдесінің иегері Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар құрамымен бірге Өзбекстанға барды. Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар штабымен бірге Ташкентке келді», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін БАҚ-та Каннавароның Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметін қабылдауға ауызша келісім бергені хабарланған болатын. Өзбекстан футбол қауымдастығы италиялық маманмен келіссөздердің жүргенін ресми түрде растады.

Фабио Каннаваро 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасын басқарады. Құрама бұл турнирге жолдама алған болатын. Тараптар келісімшарттың шарттарын алдын ала келіскен.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам