«Қорғанысқа кім көрінгенді қоймау керек»: КСРО ардагері Зайнутдиновтың ойынын сынады

Telegram WhatsApp

Ол Бахтиер Зайнутдиновты артқы шепке қою қателік болғанын айтты

ФК "Динамо"
ФК "Динамо"

КСРО құрамасының бұрынғы қорғаушысы және ЦСКА клубының ардагері Владимир Пономарев Ресей Премьер-лигасының 11-турында өткен «Динамо» мен «Локомотив» арасындағы (3:5) тартысты матчтан кейін өз пікірін білдіріп, құраманың ойынын ашық сынады.

Ол команданың жеңілісін қорғаныстағы әлсіздік пен дұрыс емес тактикалық шешімдердің нәтижесі деп бағалады.

Пономаревтің айтуынша, «Динамо» сапындағы негізгі қателіктердің бірі – Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты артқы шепке қою.

«Қорғаныстағы ойын — сұмдық. Мұндай деңгейдегі команда бұлай ойнамауы керек. Мен бұрыннан айтып келемін: Касерес пен Зайнутдинов — қорғаушылар емес. Қорғанысқа кім көрінгенді қоюға болмайды. Бұл позицияда ойнайтын футболшы ойынның барысын сезіп, қарсыластың қадамын алдын ала болжай білуі тиіс. Ал біз не көрдік? Қарсылас ойыншыңды өткізіп алып, артынан қуып жетіп, итеріп, пенальти жасайсың. Мұның бәрі — қорғаныстағы сауатсыздықтың белгісі»

деді ардагер

Сондай-ақ Пономарев бапкерлер штабын да жауапкершіліктен тыс шешім қабылдады деп сынға алды:

«Зайнутдинов – әмбебап, еңбекқор футболшы. Бірақ бұл оның кез келген позицияда ойнай алады деген сөз емес. Қорғаныс — мүлде басқа мектеп, басқа тәжірибе. Бапкерлер мұны түсінуі керек еді»

деді ол

Матч қорытындысы бойынша «Локомотив» сырт алаңда сенімді жеңіске жетті. Қонақтар сапында Данил Пруцев (1-минут), Алексей Батраков (43-минут, пенальти), Николай Комличенко (68-минут), Дмитрий Воробьев (81-минут) және Александр Руденко (90+2-минут) мергендік танытты.
«Динамо» құрамынан Иван Сергеев (22-минут), Бителло (27-минут) және Максим Осипенко (85-минут, пенальти) жауап соққыларын енгізді.

Ойыннан кейін ресейлік сарапшылар мен жанкүйерлер команда қорғанысын қатты сынға алып, Бахтиер Зайнутдиновтың позициясына қатысты шешімді бапкерлер штабының ең сәтсіз қадамы деп атады.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 7 311 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 279 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 71 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 583 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 832 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›