
Ұлттық құрамада бұған дейін бірде-бір кездесу өткізбеген
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов қазан айында өтетін Лихтенштейнмен (10 қазан) және Солтүстік Македониямен (13 қазан) болатын ойындарға шақырылған футболшылардың соңғы тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де — «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Бағдат Қайров (екеуі де — «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Сағи Совет («Жеңіс»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Арсен Әшірбек («Оқжетпес»);
Жартылай қорғаушылар: Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де — «Жеңіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлебай (екеуі де — «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо Москва», Ресей), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасаболат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де — «Елімай»).
Бапкерлер құрамы:
Талғат Байсуфинов — бас бапкердің міндетін атқарушы,
Иван Азовский — бас бапкердің көмекшісі,
Марат Еслямов — бас бапкердің көмекшісі,
Әли Алиев — бас бапкердің көмекшісі,
Елдос Ахметов — бас бапкердің көмекшісі,
Олег Воскобойников — қақпашылар бапкері,
Максим Зуев — физикалық дайындық бойынша бапкер,
Могамед Нозадзе — аналитик бапкер,
Нұрлан Биттұғұлов — дәрігер,
Алексей Михайлов — физиотерапевт,
Евгений Карнаухов — массажист,
Алексей Гудзев — массажист,
Ақмұрат Ақшабаев — массажист,
Полина Силинская — нутрициолог,
Руслан Балтиев — Ұлттық құрамалар департаментінің директоры,
Қуаныш Мұханбет — менеджер,
Максим Шауберт — жабдықтар жөніндегі менеджер,
Елдар Ермеков — бейнеоператор.
Еске салайық, қазан айында Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді: 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнмен және 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды. Екі кездесу де 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.
Бір қызығы, Талғат Байсуфинов құрамаға «Жетісу» клубының қорғаушысы Дінмұхамед Қашкенді шақырған. Ол жақында «Қайратпен» кездесуде бес гол жіберген команданың қорғанысында ойнайды. Ұлттық құрамада бұған дейін бірде-бір кездесу өткізбеген.