Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Құралбек Ордабаев Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға не үшін ойнамайтынын түсіндірді

07.10.2025, 16:40

Бұл жас ойыншы үшін ауыр жарақат

Құралбек Ордабаев Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамаға не үшін ойнамайтынын түсіндірді
"Қайраттың" баспасөз қызметі

«Қайрат» клубының ардагері Құралбек Ордабаев шабуылшы Дастан Сәтпаевтың ұлттық құрамадан шет қалуына қатысты пікір білдірді

Ол Дастан Сәтпаевтың Қазақстан құрамасына шақырту алғанымен, жарақатына байланысты бара алмауына түсініктеме берді.

«Соңғы ойын алдында Дастан өзін жайсыз сезінген, бірақ ол бұл туралы ешкімге айтқан жоқ, себебі алаңға шығып, командаға көмектескісі келді. Нәтижесінде ол бүкіл матчты өткізіп, тіпті бір гол соқты. Алайда ойыннан кейін ауырсыну күшейіп, медициналық штабқа жүгінуге тура келді. Тексеру кезінде сол жақ жамбас бұлшықетінде шамамен төрт сантиметрлік ісіну, созылу және ұсақ жарылулар анықталды. Бұл жас ойыншы үшін ауыр жарақат, сондықтан клуб дәрігерлері оны қалпына келтіру курсынан өткізуге кеңес берді», — деді Ордабаев.

Клубтың айтуынша, бұл жағдай туралы ұлттық құраманың медициналық штабына ресми түрде хабарланған, және екі тарап та шешімді келісіп қабылдаған.

«Өкінішке қарай, бұл жолы Дастан Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды. Бірақ мен ерекше атап өткім келеді: біздің жігіттер ешқашан ұлттық құрамадан бас тартпайды. «Қайрат» ойыншылары үшін ел намысын қорғау – әрдайым үлкен құрмет пен мақтаныш. Ең бастысы, Дастан жарақатынан толық айығып, жаңа күшпен клубқа және құрамға оралсын», — деді Ордабаев.

Айта кетейік, Қазақстан чемпиондары құрамынан ұлттық команда сапына тек Дамир Қасаболат қосылды.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам