ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға ойнамайтын болды

Бүгін, 12:55

Бұл жаңалыққа байланысты әр түрлі сұрақтар туындап жатыр

Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға ойнамайтын болды
ҚФФ

«Қайрат» клубының жас шабуылшысы ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмеді. Бұл жағдай ол Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында толық матч өткізгеннен кейін белгілі болды.

Алматының «Қайрат» командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына келе алмады, деп хабарлайды AmanVibe телеграм-арнасы. Ресми себеп – жарақат.

Бұл жаңалыққа байланысты әр түрлі сұрақтар туындап жатыр. Себебі жексенбі күні футболшы ҚПЛ аясында «Жетісуға» қарсы өткен ойында толық 90 минут алаңда болған еді.

Қазақстан чемпиондарынан ұлттық құраманың сапына тек бір ойыншы - Дамир Қасаболат шақырылған.

Анықтама:
Дастан Сәтпаев — «Қайрат» академиясының түлегі.
2025 жылдың ақпанында «Қайрат» жас шабуылшыны Англияның «Челси» клубына 4 миллион еуроға сатуға келісім берген. Ол 2026 жылдың тамызында, 18 жасқа толған соң, Лондон клубына қосылады.

Сәтпаевтың Қазақстан ұлттық құрамасында ойнаған тәжірибесі бар: 2025 жылдың 20 наурызында ол Кюрасао құрамасына қарсы өткен жолдастық матчта дебют жасап, 16 жас 7 ай 8 күн жасында ел тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам