ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Еркебұлан Сейдахмет өміріндегі ең үлкен қателікті айтты

08.10.2025, 10:27

Футболшы: «Уфа» мені сатуға мәжбүр болды

Еркебұлан Сейдахмет өміріндегі ең үлкен қателікті айтты
ФК «Қайрат»

«Ақтөбе» командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет YouTube-тағы «Футбол Жолы» арнасына сұхбат берді. Футболшы шетелге тым ерте кеткенін өзінің ең үлкен қателігі деп айтты.

«Уфа» клубы мені өз қатарында қалдырғысы келді. Бірақ жарақаттар жиі қайталанғандықтан, тезірек үйге қайтқым келді. 18 жасымда, жалғыз өзім шетелге кеттім — отбасым қасымда болған жоқ. Әсіресе тіл мәселесі қиын тиді. Соған қарамастан, «Уфа» мені сеніммен ұстағысы келді, бірақ амал жоқ, клуб мені сатуға мәжбүр болды. Шын мәнінде, алдымен Қазақстанда бірнеше жыл ойнап, тәжірибе жинап барып, содан кейін шетелге шығуым керек еді», — деді футболшы.

Биылғы маусымда Еркебұлан Сейдахмет 20 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам