Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді

15.10.2025, 14:28

Ол – Қазақстаннан таңдалған жалғыз футболшы

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік 60 футболшысының қатарына енді
Әлеуметтік желі

Британдық The Guardian басылымы 2008 жылы туған әлемнің ең үздік 60 жас футболшысының тізімін жариялады.

Бұл беделді рейтингке алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев енді. Ол – Қазақстаннан таңдалған жалғыз футболшы. Сонымен қатар тізімде тбилисилік «Динамоның» қорғаушысы Саба Харебашвили және өзбекстандық «Бунёдкордың» шабуылшысы Садриддин Хасанов бар.

Әлемнің үздіктер қатарына танымал клубтардың жас таланттары да кірген. Мысалы, «Барселона» сапынан — вингер Тони Фернандес пен жартылай қорғаушы Нико Гильен, «Боруссия Дортмундтан» — италиялық шабуылшы Самуэль Инасио, «Бавариядан» — жартылай қорғаушы Карл Леннарт, ал Пари Сен-Жерменнен — жас форвард Ибрагима Мбайе таңдалған.

Айта кетейік, 17 жастағы Мбайе қазіргі маусымда «ПСЖ» құрамында барлығы тоғыз матч өткізіп, соның ішінде Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Барселонаға» қарсы негізгі құрамда алаңға шыққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам