Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Қазақстандық 19 жастағы футболшы матч кезінде қайтыс болды

16.10.2025, 21:05

«Хан-Тәңірі» клубының ойыншысы есінен танып қалған

Қазақстандық 19 жастағы футболшы матч кезінде қайтыс болды
ҚФФ

«Хан-Тәңірі» клубының ойыншысы Диас Төлеу матч кезінде есінен танып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Бірінші лиганың кезекті турында болды.

«Хан-Тәңірі» командасының шабуылшысы Диас Төлеу «Екібастұз» клубына қарсы өткен ойында кенеттен есінен танып, алаңда құлап түскен. Куәгерлердің айтуынша, оқиға матчтың екінші таймында болған.

Жедел жәрдем қызметі бірден шақырылғанымен, алғашқы көмек көрсету кезінде кідіріс болғаны айтылады. Көрермендер түсірген бейнелерде дәрігердің алаңға жетіп, не істерін білмей абдырап қалғаны, ал зембілдің шамамен екі минуттан кейін ғана әкелінгені көрініп тұр.

Футболшы дереу ауруханаға жеткізілгенімен, жансақтау бөлімінде оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Диас Төлеу 19 жаста еді.
Жас спортшы 2006 жылдың 4 мамырында дүниеге келген. Биылғы маусымда ол 19 матчқа қатысып, 1292 минут алаңда өнер көрсеткен. Негізгі құрамда 14 рет шыққан, бір нәтижелі пас беріп үлгерген.

Диастың қазасы қазақстандық футбол қауымдастығын дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желілерде ойыншының жақындары мен командаластарына көңіл айтылып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам