Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Қазақстан құрамасына Микель Артета керек - Алмат Бекбаев

16.10.2025, 17:49

Сонда әр іріктеу кезеңінде екі-ақ ойында жеңіп, сонымен шектелеміз

Қазақстан құрамасына Микель Артета керек - Алмат Бекбаев
ашық дереккөз

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев ел футболының дамуы үшін ұлттық құраманы кім жаттықтыруы керектігі туралы пікір білдірді.

«Егер біз әлем немесе Еуропа чемпионатына шығуды мақсат етсек, онда бізге Микель Артета деңгейіндегі сапалы бапкер қажет. Жас әрі болашағы зор маман керек, ол үш-бес жылға арналған нақты футбол жүйесін және стратегияны құруы тиіс. Ол өз жаттықтырушылар штабымен келуі керек. Барлық жас санатындағы құрамаларда бір футбол философиясы болуы керек, ал өкінішке қарай, қазір әртүрлі. Ал егер ешқайда шығу мақсаты болмаса – онда жергілікті мамандар жаттықтыра берсін. Сонда әр іріктеу кезеңінде екі-ақ ойында жеңіп, сонымен шектелеміз», — деді Алматы Бекбаев Meta-ratings.kz-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, қыркүйекте Али Алиев отставкаға кеткеннен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін Талғат Байсуфинов атқарып жүр. Оның жетекшілігімен команда Астанада Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, сырт алаңда Солтүстік Македониямен 1:1 есебінде тең түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам