Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Темірлан Анарбеков түркиялық скауттардың көзіне түсті

22.10.2025, 15:23

. Тамаша рефлекстерге ие, қарсыластың соққыларына бұрыш бермей шебер қорғанады

Темірлан Анарбеков түркиялық скауттардың көзіне түсті
"Қайраттың" баспасөз қызметі

Түркиялық футбол комментаторы әрі скаут Селим Пайялан алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбековтың ойынын жоғары бағалады.

Анарбеков Кипрдің «Пафос» клубына қарсы өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі кездесуде қақпасын мықты қорғап, ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұл нәтижемен «Қайрат» өз тарихында алғаш рет турнирдің негізгі кезеңінде ұпай жинады.

«Темірлан Анарбеков – «Қайрат» клубының қақпашысы. Түркі әлемінен шыққан 22 жастағы дарынды ойыншы. Бүгін алғаш рет оның ойынын «Қайрат» пен «Пафос» матчында комментатор ретінде көрдім. Тамаша рефлекстерге ие, қарсыластың соққыларына бұрыш бермей шебер қорғанады. Ең бастысы — ол әлі де дамуға қабілетті», – деп жазды Селим Пайялан әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков соңғы маусымдарда тұрақты түрде негізгі құрамда ойнап жүр және ел футболының ең үздік жас қақпашыларының бірі саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам