Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

«Қайрат» екінші жыл қатарынан чемпион атанды

26.10.2025, 17:45

Маусым қорытындысы бойынша екінші орынға «Астана», ал үшінші орынға «Тобыл» ие болды

«Қайрат» екінші жыл қатарынан чемпион атанды
ФК “Қайрат”

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымы тартысты финалмен аяқталды.

Маусым бойы басты қарсыластар саналған алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» арасындағы матч аяқталды. Соңғы ойын алдында «Қайраттың» 58 ұпайы болса, «Астана» 56 ұпаймен екінші орында тұрған. Бұл матчта алматылықтарға тең нәтиженің өзі жеткілікті еді, ал елордалық клубқа тек жеңіс қажет болатын.

Кездесу басында Марин Томасов тамаша соққымен «Астананы» алға шығарды. Алматылық команда бірінші таймда таразы басын теңестіре алмады. Бірақ үзілістен кейін «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алды.

56-минутта Дастан Сәтпаев қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті теңестірді. Бұл – футболшының маусымдағы 14-голы. Қалған уақытта есеп өзгермеді. Осылайша «Қайрат» тең нәтижеге қол жеткізіп, екінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды.

Маусым қорытындысы бойынша екінші орынға «Астана», ал үшінші орынға «Тобыл» ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам