Елдос Ахметов “Атлетикоға” соға алмаған голын “Реалға” соқты. Ерсін ерте қуанды – PS Шоу!

Санкт-Петербургте «Зенит» футболшысын ұрламақ болды

27.10.2025, 10:47

«Зенит» футболшысы Андрей Мостовойдан ақша талап еткен

Санкт-Петербургте «Зенит» футболшысын ұрламақ болды
ФК "Зенит"

Санкт-Петербургте қылмыстық іздестіру қызметінің жедел уәкілдері мен Тергеу комитетінің тергеушілері төрт жас жігітті ұстады. Олар «Зенит» футболшысы Андрей Мостовойды және Мемлекеттік Дума депутаты, бұрынғы қала заң шығару жиналысының спикері Вячеслав Макаровтың күйеу баласы, 50 жастағы Сергей Селегенді ұрламақ болған.

Тергеу деректеріне сәйкес, ұсталғандар – жалдамалы қылмыскерлер. Оларды Telegram мессенджері арқылы белгісіз тапсырыс беруші жалдаған. Қылмыстың басты мақсаты – 10 миллион рубль көлемінде ақша бопсалау болған. Бұл соманың жартысы тікелей орындаушыларға төленуі тиіс болған.

Күдіктілер жәбірленушілерді Вязовая көшесіндегі «Азбука вкуса» супермаркетінің маңында аңдып жүрген. 23 қазанда олар «Зенит» ойыншысы Андрей Мостовойды көлікке күштеп отырғызбақ болғанымен, футболшы қашып құтылып, полицияға хабар берген.

Көп ұзамай жедел уәкілдер күдіктілерді екінші жәбірленуші Сергей Селегенді қала ішінде мәжбүрлі түрде алып жүрген кезінде қолға түсірген. Одан 10 миллион рубльді криптовалюта түрінде төлеуді талап етіп, туыстарына хабарласып ақша аудартпақ болған. Жәбірленушінің жақындары жағдайды дереу түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам