Желіде бір футбол жайлы жазатын паблик мүлдем артық кетіп жатады
«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян «Қайратпен» матчтан кейін өз ренішін айтты.
Ол БАҚ құралдарында, әлеуметтік желіде «Астана» клубы туралы мүлдем шындыққа сай келмейтіндер, ақпараттар тарайды деп санайды.
«Қайраттың» қақпашысы Премьер-лигада, Чемпиондар лигасында қаншалықты қателік жасап жатқанын қараңыздар. Одан ешкім трагедия жасамайды. Ал «Астанаға» келгенде бәрі басқаша сөйлей бастайды. Екі түрлі стандарт. Желіде бір футбол жайлы жазатын паблик мүлдем артық кетіп жатады. Біз бес гол соқсақ, келісілген матч дейді. Ал «Қайрат» қақпашысы бес гол жіберсе, оны мақтап, машина алғанын жазады. Адамдарды солай шатастырады. Біз қысым болатынын жақсы түсінеміз. Клуб та мұны сезеді. Соған қарамастан жігіттер тырысып жатыр. Өкініштісі, осындай жағдайдың қайталануы. Шу шыққаннан кейін Андрей Ферепонтовты алып тастады. Егер оған шынымен кінә тағылса, 21 жасқа дейінгі құрамаға аға бапкер қылмас еді ғой», - дейді Григорий Бабаян.
Айта кетейік, «Астана» Премьер-лиганың соңғы турында «Қайратпен» тең түсіп, чемпиондықтан айырылды.