ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

УЕФА Конференция лигасының финалын Қазақстанда өткізуі мүмкін

31.10.2025, 18:59

Казақстан 2028 және 2029 жылдары өтетін УЕФА Конференциялар лигасының финалын өткізуге ниетті

УЕФА Конференция лигасының финалын Қазақстанда өткізуі мүмкін
Getty images

УЕФА 2028 және 2029 жылдардағы клубтық турнирлердің финалдарын қабылдауға қызығушылық білдірген елдердің тізімін жариялады. Барлығы 15 ұлттық қауымдастық өтінім жолдаған. Олардың қатарында Қазақстан да бар.

Казақстан 2028 және 2029 жылдары өтетін УЕФА Конференциялар лигасының финалын өткізуге ниет білдіріп отыр. Ресми өтінімде екі қала көрсетілген — Астана (“Астана Арена”) және Алматы (“Алматы Арена”). Қай қала мен стадион таңдалатыны өтінім беру кезеңінде анықталады.

Финалды қабылдауға Франция (Лилль), Венгрия (Будапешт), Италия (Турин), Польша (Гданьск) және Финляндия (Хельсинки) қалалары да таласады.

АҚШ-тың футбол қауымдастығы хабарлағандай, толық құжаттар пакетін ұлттық федерациялар 2026 жылдың 10 маусымына дейін ұсынуы тиіс. Ал УЕФА Атқарушы комитеті 2026 жылдың қыркүйегінде финалдарды өткізетін қалаларды ресми түрде бекітеді.

Еске сала кетейік, өтінім беру процесі 2025 жылдың 11 шілдесінде басталып, ұлттық қауымдастықтар өз қызығушылығын 22 қазанға дейін білдіруге міндетті болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам