ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Еуропа клубы Анарбековті қатарына қосуды көздеп отыр

01.11.2025, 17:34

Софияның ЦСКА клубы - Болгарияның ең табысты футбол ұжымдарының бірі

Еуропа клубы Анарбековті қатарына қосуды көздеп отыр
ҚФФ

Болгарияның әйгілі ЦСКА футбол клубы «Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбековті өз сапына қосуды көздеп отыр.

Софияның ЦСКА клубы - Болгарияның ең табысты футбол ұжымдарының бірі. Команда 31 рет ел чемпионы және 21 рет Кубок иегері атанған.

Қазіргі таңда «армиялықтар» ел чемпионатында жетінші орында тұр.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков кәсіби жолын «Атырау» жастар академиясында бастаған. Кейін Алматының «Қайрат» клубына ауысып, біраз уақыт елорданың «Жеңіс» командасына жалға берілді.

Ал биылғы маусымда ол нағыз сенсацияға айналды: негізгі құрамның қақпашысы Александр Заруцкийдің орнына алаңға шығып, «Селтикке» қарсы тарихи ойында алматылық клубтың Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуіне себепкер болды.

Сондай-ақ «Пафосқа» қарсы матчта (0:0) 5 қауіпті соққыны қайтарып, өз шеберлігін тағы дәлелдеді.

Соның арқасында Софияның ЦСКА-сы жас қазақстандық голкиперді өз құрамына қосуға ниет білдіріп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам