ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

«Қайрат» футболшылары Миланға жол тартты

Бүгін, 10:49

«Интер» – «Қайрат» кездесуі 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні өтеді

«Қайрат» футболшылары Миланға жол тартты
ФК «Қайрат»

Алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлер штабы Чемпиондар лигасының төртінші турындағы маңызды ойын алдында Италияға жол тартты. Команда Милан қаласында жергілікті «Интермен» кездеседі.

Клубтың ресми әлеуметтік желілерінде футболшылардың әуежайға бет алған және ұшаққа мінген сәттерінен бейнежазба жарияланды. «Интер» – «Қайрат» кездесуі 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні, Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.

Алғашқы үш турдың қорытындысы бойынша «Қайрат» бір ұпай еншілеген. Бұған дейін команда «Спортингке» (1:4) және «Реалға» (0:5) жол беріп, «Пафоспен» (0:0) тең түскен болатын.

Миланмен өтетін бұл матч алматылықтар үшін топтық кезеңдегі шешуші ойындардың бірі болмақ. Жеңіс «Қайраттың» плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалуына жол ашады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам