ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстан футзалын жаңа деңгейге көтерген Кака ұлттық құрамадан кететін болды

08.11.2025, 20:15

Қазақстан футбол федерациясы онымен келісімшартты соза алмаған

Қазақстан футзалын жаңа деңгейге көтерген Кака ұлттық құрамадан кететін болды
Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасына ұзақ жылдар бойы бас бапкер болған даңқты бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) бұл қызметінен кетті. Ақпаратты ҚФФ таратып отыр.

Қазақстан футбол федерациясы мен Кака келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты жұмыс істесуін тоқтатқан. Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ұлттық құрамада бас бапкер болып келген еді.

«Бразилиялық маман 2018 жылдан бері ел құрамасын жаттықтырып, осы жылдар ішінде отандық футзалдың дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен команда Еуропа мен әлемнің үздік құрамаларының қатарына қосылып, ойыны стилі мен тәртібі, сондай-ақ жұмысты ұйымдастыру бойынша жаңа деңгейге көтерілді»,  делінген ҚФФ таратқан хабарламада.

Каканың Қазақстан құрамасымен жетістігі

2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан тарихта алғаш рет жартылай финалға шығып, төртінші орын алды. Бұл жетістік еліміздің футзал тарихындағы ең айшықты жетістік болды.

2022 жылы Еуропа чемпионатында плей-офф кезеңіне шықса, ал әлем чемпионатының іріктеуін сенімді өтті. Өзбекстанда өткен додада Қазақстан қайтадан үздік сегіз құраманың қатарынан көрінді.

Кака бас бапкер болған кезеңде Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке жетіп, халықаралық мойындауға ие болды. Бұған қоса, Кака бірнеше рет «Жылдың үздік бапкері» атағына үміткерлер қатарына енді.

Спорттағы еңбегі мен Қазақстан футзалының дамуына қосқан үлесі үшін Пауло Рикардо Кака Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан II дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам