ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

АПЛ-дегі Чемпиондар лигасының жалғасы

09.11.2025, 13:38

Olimpbet сарапшылары «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» арасындағы матчқа талдау жасады

АПЛ-дегі Чемпиондар лигасының жалғасы
Olimpbet Arena

Англия. Премьер-лига. 11-тур. «Манчестер Сити» – «Ливерпуль». 9 қараша, 21:30 (Астана уақытымен)

Ағылшын чемпионатының 11-туры нағыз Чемпиондар лигасына лайық тартыспен аяқталады: «Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды.
Olimpbet сарапшыларының пікірінше, бұл кездесудің айқын фавориті – «қалалықтар». Үй иелерінің жеңіске жету мүмкіндігі қонақтарға қарағанда екі есеге жуық жоғары деп бағалануда.

Соңғы жылдардың гегемондары

2018 жылдан бері Англия чемпионы атағын тек осы екі клуб иеленіп келеді. «Сити» – алты рет, «Ливерпуль» – екі рет. Қазір чемпиондық тәж иесі де – «қызылдар».
Биылғы маусымда да Пеп Гвардиола мен Арне Слоттың командалары чемпиондық үшін басты үміткерлер қатарында. Екі команда да көшбасшы «Арсеналдың» ізін қуып келеді.

«Этихадтағы» тікелей дуэль алдында манкуниандықтар мерсисайдтықтарды бір ұпайға ғана алда тұр. Егер «Сити» өз алаңында жеңсе, екінші орнын сақтап қалады.

Маусымның шешуші сәті

Бұл матч бір ай бұрын өткенде, «Ситидің» жеңісіне ешкім күмән келтірмес еді. Қазан айында «Ливерпуль» ауыр дағдарысқа түсті – Премьер-лигада қатарынан үш матчта ұтылды.

Алайда, қараша айында «қызылдар» айтарлықтай серпіліс көрсетті: екі ойын – екі «құрғақ» жеңіс. Оның бірі ерекше атап өтуге тұрарлық – Чемпиондар лигасында «Реалды» 1:0 есебімен ұтты. Есеп минималды болғанымен, «қызылдардың» үстемдігі айқын болды.

Айтпақшы, «Ливерпуль» өз ойынын «Ситиден» бір тәулік бұрын өткізген, сондықтан демалуға уақыты көбірек болды.

Статистика мен болжам

Статистикаға қарасақ, «Ливерпульдің» артықшылығы басым – жалпы тарихта да, соңғы кездесулерде де. Соңғы он кездесудің екеуін ғана «Сити» ұтқан, үшеу тең аяқталса, бесеуінде «қызылдар» жеңіске жеткен.

Осы жылдың ақпанында да «Ливерпуль» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен, голдардың авторы – Доминик Собослай мен Мұхаммед Салах. Дегенмен Olimpbet сарапшылары бұл жолы «Ситидің» жеңісіне сенеді. Олардың пікірінше, үй иелері кемі екі гол соғып, матч нәтижелі болмақ.

Гол соғуы ең ықтимал ойыншы ретінде АПЛ-дың үздік сұрмергені, норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанн аталып отыр.

Италия. Серия А. 11-тур. «Интер» – «Лацио». 10 қараша, 00:45

Жексенбі кешінде Италия чемпионатында да қызықты матч өтеді: Миланда жергілікті «Интер» мен римдік «Лацио» кездеседі.
Olimpbet сарапшылары «Интерді» айқын фаворит деп санайды – олардың екі гол айырмасымен жеңу ықтималдығы қонақтардың тең ойнау мүмкіндігінен жоғары.

«Интер» шаршағанымен, жеңісін жалғастыруда

Апта ортасында «нерадзуррилер» күтпеген қарсылыққа тап болды – Чемпиондар лигасында «Қайратпен» өте ауыр матч өткізді. Миландықтар 2:1 есебімен жеңді, бірақ жеңіс оңайға түскен жоқ.

Ал «Лацио» биыл еурокубоктарға қатыспайды, сондықтан матчқа тыңғылықты дайындалуға уақыты болды. Бұл артықшылық нәтижеге әсер етуі мүмкін. Алайда, статистика римдіктердің Миланда сәтсіз ойнайтынын көрсетеді: соңғы он матчтың жетеуінде жеңіс «Интердің» еншісінде, тек біреуі ғана «Лационың» пайдасына шешілген.

Жеңіліссіз серия үзілуі мүмкін

Қазіргі маусымда да «Интердің» жағдайы жақсы – Кристиан Киву командасы Маурицио Сарридің ұжымынан алты ұпай алда келеді. Дегенмен, «Лацио» соңғы алты ойында жеңілмей келе жатыр, маусым басындағы сәтсіздіктен кейін біртіндеп бабына келді. Соған қарамастан, Olimpbet сарапшылары римдіктердің жеңіліссіз сериясы Миланда тоқтайды деп болжайды.

Олардың пікірінше, «Интер» алғашқы таймда-ақ басымдықты өз қолына алып, шешуші гол соғады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам