Түркияда 600 футболшыны тергеу басталды

Тергеу спорт әлеміндегі өзге де танымал тұлғаларға әсер етуі мүмкін

© Chris Brunskill/Fantasista / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
© Chris Brunskill/Fantasista / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Түркияда футбол саласындағы заңсыз букмекерлік қызметке қатысты тергеу қарқын алып келеді. Бұған дейін судьялар мен клуб басшылары сұралған болса, енді тергеу аясы кеңейіп, 600-ге жуық футболшының да жауап алынатыны белгілі болды.

Тергеу материалдарына сәйкес, бірқатар ойыншылар, бас бапкерлер және клуб жетекшілері Албания, Болгария және Солтүстік Кипрде жұмыс істейтін заңсыз букмекерлік сайттар арқылы бәс тіккен деген күдікке ілінген.

Жағдайдың маңыздылығын Интерполдың бұл іске қосылғаны дәлелдеп отыр. Сарапшылардың айтуынша, тергеу спорт әлеміндегі өзге де танымал тұлғаларға әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, бұл істі Стамбул қаласының бас прокуратурасы бастаған. Тергеуге түрткі болған – Түркия футбол федерациясының президенті Ибрахим Хаджиосманоғлуның мәлімдемесі. Ол бұған дейін:

371 төрешінің бәс тігуге арналған есепшоты бар, олардың 152-сі белсенді түрде бәс тігумен айналысады, — деген болатын.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Түрік билігі мен футбол қауымдастығы саланы заңсыз әрекеттерден тазартуға және спорттағы әділдікті қалпына келтіруге уәде берді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам