ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неліктен аяқасты кеткенін түсіндірді

12.11.2025, 16:18

Ол осы қадамы арқылы өзгелерге жол ашқанын алға тартты

Асхат Тағыберген ұлттық құрамадан неліктен аяқасты кеткенін түсіндірді
ҚФФ

Танымал футболшы Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтау туралы шешімді неліктен қабылдағанын түсіндірді. Аяқдоп шеберінің сөзіне қарағанда, ол Солтүстік Македониямен матч өзінің соңғы ойыны болатынын білген.

«Негізі бұл шешімді Солтүстік Македониямен өтетін ойыннан бір күн бұрын қабылдадым. Сөз көп қой, бірақ бәр нәрсені ғана айта аламын – өзімді ұлттық құрамаға көмекші ретінде сезіне алмадым.  Матчтан соң шешімім туралы жігіттерге айттым», - деді Тағыберген.

Бірақ футболшы сұхбат барысында ұлттық құрамаға оралуға қарсы еместей көрінді.

«Талғат Маруаұлымен сөйлестім, бапкер қайтарамын десе, қайтарады ғой. Бірақ шапан жауып шығарып салған соң, болған шығар. Матч аяқталған соң аренаның аспанына қарап едім, құдды бір бос кеңістікте тұрғандай күй кештім. Сол кезде «жігіттер, мен шаршадым, кетейін» дедім. «Өткен іске өкінбе» деген сөз бар. Бірақ құрамадағы жігіттер: «Сен керексің, асықпа» деп қарсы болды. Қасымда тұрып көпшілікке менің жылағанымды көрсеткісі келмеді. Бірақ видеоларда байқалып қалыпты. Өзім екі сөйлегенді ұнатпаймын, сондықтан шешімімнің нақты екенін жеткіздім», - деп қосты ол.

Ол осы қадамы арқылы өзгелерге жол ашқанын алға тартты.

«Мақтанғандай боп көрінетін шығармын, бірақ егер мен құрамадан кептегенде, жас ойыншылар менімен бәсекелестікті жеңе алмаушы еді деп ойлаймын. Сондықтан орнымды босату арқылы қаншама жасқа жол аштым, соған қуанамын», - деп түйіндеді футболшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам