ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Михаил Ломтадзе «Жеңіс» клубына әлемдік деңгейдегі академия салып беретін болды

13.11.2025, 17:55

Жоба аясында инфрақұрылымдық жаңғырту, кәсіби футбол сапасын арттыру, сондай-ақ барлық жас деңгейіндегі ойыншыларды жүйелі дайындауға басымдық беріледі

Михаил Ломтадзе «Жеңіс» клубына әлемдік деңгейдегі академия салып беретін болды
"Жеңіс" ФК

Қазақстанда футболды дамыту жөніндегі мемлекеттік стратегия аясында Kaspi.kz басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе елордалық «Жеңіс» футбол клубының жаңа иесі атанды.

Бұған дейін ол Қазақстанда және Ұлыбританияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру жоспары туралы мәлімдеген еді. Бүгін аталған академия Астанадағы «Жеңіс» клубының базасында салынатыны белгілі болды. Мұнда жас футболшылар халықаралық стандарттар бойынша тегін жаттығу мүмкіндігіне ие болады.

Михаил Ломтадзе:

«Менің арманым – Қазақстанда және Англияда болашақ жұлдыздар тәрбиеленетін кәсіби футбол академиясын құру. Барлығы тегін болады. Жас спортшылар еліміз бен Англияның үздік мамандарымен жаттығады. Заманауи технологиялардың көмегімен қазақстандық футболды жаңа деңгейге көтере аламыз деп сенемін», – деді ол.

Жоба аясында инфрақұрылымдық жаңғырту, кәсіби футбол сапасын арттыру, сондай-ақ барлық жас деңгейіндегі ойыншыларды жүйелі дайындауға басымдық беріледі.

«Жеңіс» футбол клубының бас директоры Айдын Қожахмет:

«Михаил Ломтадзе сияқты инвестордың келуі – біз үшін үлкен мүмкіндік. Футболдың болашағы балаларға, инфрақұрылымға және заманауи әдістемеге байланысты. Бірлесе отырып, клубтың даңқын қайта жаңғыртып, қазақстандық футболдың дамуына үлес қосамыз деп сенеміз», — деді.

«Жеңіс» клубы туралы

1964 жылы құрылған «Жеңіс» — Қазақстандағы ең көне және ең титулды клубтардың бірі. Команда:

  • 3 дүркін Қазақстан чемпионы (2000, 2001, 2006);
  • 3 мәрте Қазақстан Кубогының иегері (2001, 2002, 2005).
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам