Депутаттар да отандық футболға бөлінетін ақшаның сомасына наразы
Аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Қазақстанның футьолына бөлініп жатқан ақша туралы тағы айтып, спорт шенеуніктерін қатаң сынға алды.
Айта кетейік, күні кеше Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мемлекеттің футболға 133 млрд теңге бөлгені туралы айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауалын жолдаған болатын. Қуат Хамитов бұл цифраны көріп есеңгіреп қалған секілді.
«Ешқандай футбол, басқа да спорт болсын, аш отырған халықтың көз жасын сүртуге де жарамайды», - деп жазды әлеуметтік желіде.
Қуат Хамитов ұзақ уақыттан бері отандық футболды және оған мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыны сынаумен келеді.