Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

«Барыс» қолда тұрған жеңісті уыстан шығарып алды

08.02.2024, 21:27

Осылайша, астаналық клубтың жеңілістер сериясы тоғызға жетті

«Барыс» қолда тұрған жеңісті уыстан шығарып алды
Шайба.кз

Астананың «Барыс» хоккей клубы өз айдынында СКА-ны қабылдап, кезекті рет жеңілді. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталғанымен, буллиттер сериясында Санкт-Петербургтен келген команда дәлдік танытты.

Матчтың алғашқы екі кезеңінде жанкүйерлер соғылған гол көрген жоқ. Питерлік клуб басымдық танытқанымен, Паскуале қақпасының кілтін таба алған жоқ. «Барыс» та қарымта шабуылдарда ұтымды сәтті пайдалана алмады.

Ал, үшінші кезең басталған сәтте СКА ойыншысы ереже бұзып, «Барыс» сан басымдығына ие болды. Шабуылдардың бірінде астаналық ойыншы Нельсон Ножье әріптесі берген шайбаны қақпаға дәл бағыттап, есепті ашты.

1:0 есебі ойын аяқталуға 42 секунд қалғанға дейін өзгерген жоқ. Тек 59:18 минутта СКА ойыншысы Никишин есепті теңестіріп, жанкүйерлердің қуанышын су сепкендей басты. Ал, овертаймда қос команда жеңіпазды анықтай алмай, буллиттер сериясында СКА-ның мерейі үстем болды.

Бұл «Барыстың» қатарынан тоғызыншы жеңілісі. Келесі ойынын Олег Болякин шәкірттері 10 ақпанда өз айдынында мәскеулік «Спартакқа» қарсы өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт