Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

«Барыс» масқарасы шығып тағы ұтылды

10.02.2024, 18:54

Астаналық клуб осымен қатарынан 10-шы рет жеңілді

«Барыс» масқарасы шығып тағы ұтылды
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетіп жатқан «Барыс» клубы жеңілістер сериясын жалғастырды. Бұл жолы астаналық команданы өз айдынында Мәскеудің «Спартагы» тас-талқанын шығарып жеңді.

Алғашқы кезеңде қонақтар «Барыс» қақпасына жауапсыз екі шайба соқты. Екінші кезеңде қос команда бір-бір голмен алмасып, үзіліске 1:3 есебімен кеткен. Шешуші периодта «Спартак» «Барыс» қақпасына тағы бір шайба соғып, қорытынды нәтижені тіркеді.

Айта кету керек, астаналық клуб осымен қатарынан 10-шы рет жеңіліп отыр. Болякин шәкірттері Шығыс дивизионының соңғы 12-орнында келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам