Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Канадада хоккей командасының үш ойыншысы жол апатынан қаза тапты

03.02.2026, 15:26

Хоккейшілері командалық жаттығуға бара жатқан

Канадада хоккей командасының үш ойыншысы жол апатынан қаза тапты
Mantai Chow / CBC

Канадада жасөспірімдер хоккей лигасының үш ойыншысы жол-көлік апатынан қаза тапты. Southern Alberta Mustangs командасының хоккейшілері командалық жаттығуға бара жатқан кезде апатқа ұшыраған.

Оқиға Канаданың Альберта провинциясында тіркелді. Жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, апат салдарынан 18 жастағы Кэмерон Касорсо, Джей-Джей Райт және 17 жастағы Кейден Файн көз жұмды. Алғашқы екеуі Британдық Колумбия провинциясындағы Камлупс қаласының тумалары болса, Файн АҚШ-тың Алабама штатынан келген көрінеді.

Southern Alberta Mustangs командасы USPHL Premier лигасында өнер көрсетеді. Бұл АҚШ пен Канада командалары қатысатын, әлемдегі ең ірі жасөспірімдер хоккей лигасы болып саналады.

Қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың отбасылары мен клубқа көптеген командалар көңіл білдірген. Енді команда орналасқан Ставели қаласында мұз айдынында қаза тапқан ойыншыларға арналған еске алу орны ұйымдастырылатыны айтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам