Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Барыс» өз айдынында Шанхай клубынан жеңілді

20.02.2026, 22:39

Матч тағдыры овертаймда шешілді. 

«Барыс» өз айдынында Шанхай клубынан жеңілді
hcbarys.kz

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Шанхайдың «Айдаһарларына» жол берді.

Елордадағы кездесу тартысты өтіп, 3:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Ойынның басында есепті қонақтар ашқанымен, «Барыс» көп ұзамай таразы басын теңестіріп, кейін тіпті 3:1 есебімен алға шықты. Алайда үшінші кезеңде қонақтар екі мәрте дәл соққы жасап, матч овертаймға жалғасты. Ал қосымша уақытта шанхайлық хоккейшілердің жолы болды.

Астаналықтар сапынан Әлихан Әсетов (14-минут), Райли Уолш (17) және Мэйсон Морелли (18) мергендігімен көзге түссе, қонақтар құрамында Борна Рендулич (4), Спенсер Фу (47) және Павел Акользин (56) шайба соқты. Овертаймдағы жеңіс голының авторы – Трой Джозефс.

Осы нәтижеден кейін «Айдаһарлар» 51 ұпаймен Батыс конференциясында тоғызыншы орынға көтерілді. Ал 46 ұпайы бар «Барыс» Шығыс конференциясында оныншы сатыда тұр.

Елорда ұжымы 22 ақпанда өз айдынында «Северстальді» қабылдайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам