Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Хақы жоқ»: ресейлік шолушы 7:0 есебімен ұтылған «Барысты» сынап тастады

03.03.2026, 13:20

Клуб сырт айдында СКА-дан 7:0 есебімен жеңілді.

«Хақы жоқ»: ресейлік шолушы 7:0 есебімен ұтылған «Барысты» сынап тастады
shaiba.kz

Ресейлік хоккей шолушысы Алексей Шевченко ҚХЛ аясында өткен СКА – «Барыс» (7:0) матчына талдау жасады.

Ол кездесуде 3:1 есебімен СКА жеңеді деп болжам жасағанын, алайда осыншалықты ірі есеп тіркелетінін күтпегенін айтты.

«СКА-ның жеңісін болжадым, себебі Ларионов жұмыс уақытында Миланға барып, көп нәрсе үйреніп келді. Бірақ «Барыс» деген қандай команда?! Қазір клубтың болашағына қатысты шешімдер қабылданып жатыр, келесі маусымда Михаил Кравец бас бапкерлікке негізгі үміткерлердің бірі дегенді естідім. Алайда мұндай матчтар кез келген жаттықтырушыны аутсайдерге айналдырады. ҚХЛ клубының дәл осылай ойнауға хақы жоқ», - деді Шевченко.

Сарапшы мұз айдынында бір ғана команда ойнағанын атап өтті. Сондай-ақ барлық жеті шайбаның тең құрамда соғылғанына ерекше назар аударды.

«Барлық гол тең құрамда салынды. Бұл - «Барысты» қайта құрылымдауды қажет ететініне дәлел», - деді ол.

Шевченко СКА қақпашысы Артемий Плешковтың 18 соққыны қайтарғанын атап өтіп:

«Ол өзі шаршады ма?» - деп мысқылдады.

Матчтың үздік ойыншысы ретінде хет-трик авторы Сергей Плотниковты атаса. Ал «ең сәтсіз ойыншы» деп Әлихан Өмірбековті көрсетті.

«Минус 3, бірде-бір соққы жоқ, 31 матч бойы гол соқпаған», - деп түйіндеді шолушы.

Ал матчтан кейін «Барыс» бапкері Михаил Кравец: «Мінез де, шеберлік те көрсете алған жоқпыз», - деп қысқа қайырды.

Шевченко оған өз тарапынан:

«Жаттықтырушылық жұмыс та көрінбеді», - деп қосты.

Айта кетейік, ҚХЛ турнирлік кестесінде «Барыс» Шығыс конференциясында сегізінші орыннан 11 ұпайға қалып келеді. Тұрақты чемпионаттың аяқталуына алты ойын қалғанын ескерсек, астаналық клуб 5 наурызда-ақ плей-оффқа шығу мүмкіндігін ресми түрде айырылуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам