Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

БҚО-да Орал мен Атыраудың хоккейшілері айдын сыртында төбелесті (ВИДЕО)

19.02.2024, 16:53

Оларды жанкүйерлер ажыратқан

БҚО-да Орал мен Атыраудың хоккейшілері айдын сыртында төбелесті (ВИДЕО)
Көрнекі фотосурет

Оралдағы жабық мұз айдыны спорт сарайында шайбалы хоккейден Қазақстан жастар лигасының ойындары өтті. Жергілікті «Ястреб» пен атыраулық «Жас батыр» командаларының өзара кездесуінде қосалқы құрамда отырған хоккейшілер төбелесті.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада алаңның сыртында хоккейшілер бір-біріне жұдырықты аяусыз сілтеп жатқаны анық байқалады. Белгілі болғандай, төбелескен ойыншыларды командаластары арашалаған. Кейін жанкүйерлердің араласуға тура келген.

Айта кететін жайт, бұл кездесуде оралдық шайбашылар 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның екінші кезеңінің аяқталуына аз қалғанда әр командадан бір ойыншы бас төрешінің шешімі бойынша айдыннан қуылды. 

«Екі ойыншы киімдерін ауыстырып келгеннен кейін бір-бірімен төбелескен. Оларды айыруға тағы біреуі кіріскен. Арнайы жасақ жауынгерлері ойыншылардың арасында болған жанжалды дер кезінде басты», - деді спорт сарайының директоры А.Каракушиев.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам