Келесі кездесуін «Барыс» өз айдынында Тольяттидің «Ладасына» қарсы өткізеді
Құрлықтық хоккей лигасының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Астананың «Барысы» өз айдынында «Автомобилист» командасын қабылдап, ойсырай жеңілді.
Айта кетейік, Олег Болякин шәкірттері қатарынан 11 рет жеңілгеннен кейін «Адмиралды» жеңіп, сәтсіздіктер сериясын үзгендей болған. Алайда, одан кейін қатарынан тағы үш рет жеңіліс тапты.
Ойын есебін «Барыс» хоккейшілері ашқан. Бірінші кезең бастала салысымен Аркадий Шестаков дәл соққысымен көзге түсті. Алайда, кезең аяқталмай жатып астаналықтар өз қақпасына екі шайба жіберіп алды. Екінші кезеңде «Автомобилист» тағы екі шайба соғып, есепті 1:4-ке жеткізді. Үшінші кезеңде жанкүйерлер соғылған гол көрген жоқ.
Келесі кездесуін «Барыс» өз айдынында Тольяттидің «Ладасына» қарсы өткізеді.