Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Барыстың» экс-ойыншысы жанкүйерлерді зиянкес деп айыптады

23.02.2024, 11:10

Ол астаналық клубтың сәтсіздігіне кімдердің кінәлі екенін айтты

«Барыстың» экс-ойыншысы жанкүйерлерді зиянкес деп айыптады
Спорт Экспресс

«Барыс» хоккей клубының бұрынғы ойыншысы Сергей Гимаев «Дядя Ваня» Telegram-каналына берген сұхбатында команданың ҚХЛ-дегі сәтсіздігі туралы пікірімен бөлісті.

Айта кетейік, «Барыс» соңғы 15 ойынның 14-де жеңілген. Олег Болякин шәкірттері Шығыс дивизионында соңғы 12-орында келеді.

«Иә, бұл қазақстандық клуб үшін ең сәтсіз маусымның бірі. Маусым басында бас бапкер Андрей Скабелканы қызметінен алып тастауға себеп болған клуб басшылары мен белсенді жанкүйерлерге «рахмет» айту керек. Түсінбеймін, беларусь маманын алып тастап, орнына Ғалым Мамбетәлиевті не үшін қойды? Скабелканы ауыстыру әуел бастан дұрыс болған жоқ. Ал, жанкүйерлер – зиянкес. Енді бұл кризистен шығудың бір-ақ жолы бар деп ойлаймын: бүкіл команданы соңынан ерте алатын бапкер қажет және оған карт-бланш берілуі керек», - деді Гимаев.

Кіші Сергей Гимаев «Барыс» құрамында 2008-2011 жылдар аралығында өнер көрсеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам