Ол бұған дейін «Барыстың» жасөспірімдер құрамында ойнаған
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Владимир Никитин канадалық «Чилливак Чифс» командасы сапында гол соқты жазады Shaiba.kz.
19 жастағы Никитин Британиялқ Колумбия лигасында (жасөспірімдер лигасы) ойнайды. Осы маусымда ол 19 матч өткізіп, соққылардың 90,2% қайтарған.
«Соққан голдан алған әсерім керемет, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шынымды айтайын, өзім күтпедім. Соққым келді, бірақ шайба қақпаға кіреді деп ойламадым. Соқтым. Сосын бәрі мені құттықтай бастады. Мен дірілдеп кеттім, не болып жатқанын түсінген жоқпын. Киім ауыстыру бөлмесінде де командаластарым қайта-қайта келіп құттықтап жатты. Ал, бапкер болса «бұл керемет ойын болды» деп мені мақтады», - дейді жас қақпашы.
Никитин – Екібастұз хоккей мектебінің түлегі. Канадаға кетпестен бұрын ол «Барыста» ойнаған.