Қызылордада хоккей бапкері 14 жастағы қызды екі жыл бойы зорлап келген

Оқиға ол 14 жасында Талдықорғанда өткен жарыс кезінде басталған

Pixabay
Pixabay

Қызылорда облысының Сырдария ауданында 16 жастағы тәрбиеленушісіне жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен хоккей жаттықтырушысы қамауға алынды.

Кәмелетке толмаған қыздың сөзінше, оқиға ол 14 жасында Талдықорғанда өткен жарыс кезінде басталған. Ол 38 жастағы жаттықтырушының есеңгірететін зат қосылған сусын беріп, күш көрсеткенін мәлімдеді.

Жасөспірім күдіктінің оқиға түсірілген бейнежазбаны таратамын деп қорқытып, екі жыл бойы өз талабын орындауға мәжбүрлегенін айтқан. Сондай-ақ қыз жаттықтырушының оны басқа адамдармен кездесуге мәжбүрлеп, одан ақша мен есірткі алғанын мәлімдеді.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, іс бойынша екі күдікті ұсталып, сот шешімімен қамауға алынған. Қылмыстық істі тергеу аяқталып, қазір тараптар іс материалдарымен танысып жатыр. Іс жақын арада сотқа жіберіледі.

Жасөспірім болған жағдайды туыстарына айтқаннан кейін оның жақындары жаттықтырушымен кездесіп, оған күш қолданған. Осыған байланысты жәбірленушінің анасы мен 18 жастағы ағасына қатысты адам ұрлау дерегі бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам