Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Тігуге тура келді»: «Барыс» ойыншысының аяғын конькидің жүзі тіліп түсірді

29.10.2023, 19:27

Соған қарамастан ол айдынға шығып ойнамақ болған

«Тігуге тура келді»: «Барыс» ойыншысының аяғын конькидің жүзі тіліп түсірді
Фото ашық дереккөзден

Бүгін өз алаңында Нижний Новгород қаласының «Торпедо» клубын қабылдаған «Барыс» тағы да жеңіліп қалды (есеп – 1:2). Бұл ойынға астаналық команда әдеттегідей сегіз емес, жеті қорғаушымен шықты.

Sports.kz тілшісіне ойыннан кейін сұхбат берген бас бапкердің міндетін атқарушы Ғалым Мамбетәлиев Кирилл Полоховтың матч алдында ауыр жарақат алғанын мәлімдеді.

«Бүгін ойын алдындағы жаттығуда конькидің жүзі оның аяғын тіліп кетті. Тігуге тура келді. Соған қарамастан ойынға шыққысы келді, бірақ аяғы ісіп, коньки сыймай қалды. Амал жоқ, жеті қорғаушымен ойнауымызға тура келді», - деді «Барыстың» бапкері.

Айта кетейік, астаналық клуб ҚХЛ аясында соңғы үш ойынын жеңіліп қалды. «Барыс» турнир кестесінің соңында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам