Жеңімпаз команда жоғары дивизионға көшеді
Қазақстан құрамасы Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизионында тағы жеңіске жетті.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, А тобының 2-турында Қазақстан командасы Қытайдың Тайбэйіне 3 шайба соқты. Қарсылас қақпасын дәл көздегендер арасында Александра Шегай, Юлия Буторина, Анастасия Оразбаева бар.
Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 10 сәуір күні Исландиямен (Астана уақытымен 16:00) өзара мықтыны анықтайды. Қазір А тобындағы жарысқа 6 құрама (Испания, Мексика, Тайпей, Исландия, Бельгия, Қазақстан) қатысып жатыр.