Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Әлем чемпионатына қатысатын отандық хоккейшілер анықталды

25.04.2024, 17:31

Жарыс 10-26 мамыр аралығында Чехияда өтеді

Әлем чемпионатына қатысатын отандық хоккейшілер анықталды
Қазақстан хоккей федерациясы

Хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары белгілі болды.

Бұл жолы бас бапкердің таңдауына 38 ойыншы енген. Олар қазір елордада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. 

Биыл әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияда өтеді. Қазақстан В тобында түсіп, АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция, Польшамен бірге өнер көрсетпек.

Бұл сында еліміздің қақпашалары қатарында Желал-Ад-Дин Әмірбеков ("Номад", Астана), Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де - "Барыс", Астана), Сергей Кудрявцев ("Арлан", Көкшетау) таңдалған.

Ал қорғаушылар Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - "Барыс", Астана), Данил Бутенко, Мади Диханбек, Кирилл Никитин, Хақназар Кеңесбай, Артем Королев (барлығы – "Номад", Астана), Дмитрий Бреус ("Чайка", Нижний Новгород), Леонид Метальников ("Адмирал", Владивосток), Валерий Орехов ("Металлург", Магнитогорск), Кирилл Полохов ("Арлан", Көкшетау) сынды шайба шеберлері болмақ. 

Ал шабуыл шебінде Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Маңғысбаев, Николай Шульга (барлығы – "Номад", Астана), Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Александр Борисевич, Аңсар Шайхмедденов (барлығы -  "Барыс"), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников (екеуі де "Арлан", Көкшетау), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де – "Металлург", Магнитогорск), Кирилл Панюков ("Амур", Хабаровск) сынды көк айдын шеберлеріне сенім артылып отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам