Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қазақстандық хоккейшілер ойнайтын «Металлург» үшінші рет ҚХЛ чемпионы атанды (ВИДЕО)

25.04.2024, 18:08

Команда сапында Қазақстанның үш хоккейшісі ойнайды

Қазақстандық хоккейшілер ойнайтын «Металлург» үшінші рет ҚХЛ чемпионы атанды (ВИДЕО)
Металлург ХК

«FONBET ҚХЛ» (Гагарин кубогі) чемпионатының 2024 жылғы жеңімпазы анықталды. Төрт матчқа созылған финалдық серияда «Металлург» (Магнитогорск) мәскеулік «Локомотивті» жеңіп, жарыстың үш дүркін чемпмоны атанып отыр.

Айта кету керек, «Металлург» сапында Қазақстан құрамасының үш ойыншысы ойнайды. Олар: Никита Михайлис, Валерий Орехов және Максим Мухаметов.


Шешуші төртінші ойын «Локомотивтің» айдынында өтті. Мәскеулік клуб алғаш болып есеп ашқанымен, қонақтар екі шайбамен жауап беріп, жеңісті жұлып алды. Осылайша төрт ойында да қатар жеңіске жеткен Андрей Разин шәкірттері FONBET ҚХЛ чемпионы атанды. Бұған дейін «Металлург» 2014 және 2016 жылдары аталған кубок иегері атанған болатын.

Магнитогорсктік клубтың чемпион болуына Қазақстан ойыншылары да зор үлес қосты. Мәселен, Никита Михайлис плей-офф кезеңінде «Спартак» қақпасына маңызды шайба соғып, командасын финалға алып шықса, финалдық серияның бірінші ойынында да «Металлургты» жеңілістен аман алып шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам