Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Қазақстан, алға»: хоккейші Никита Михайлис жерлестеріне алғыс айтты (ВИДЕО)

25.04.2024, 23:06

Ол аталған клубта алғашқы маусымын өткізді

«Қазақстан, алға»: хоккейші Никита Михайлис жерлестеріне алғыс айтты (ВИДЕО)
Металлург ХК

Хоккейден «FONBET ҚХЛ» чемпионатын (Гагарин кубогі) жеңіп алған «Металлург» (Магнитогорск) командасының ойыншысы Никита Михайлис қазақстандық жанкүйерлеріне алғысын айтты.

Мәскеулік «Локомотивпен» болған шешуші ойыннан кейін киім ауыстыру бөлмесінде «Роман с хоккеем» YouTube-каналына сұхбат берген қазақстандық легионер соңғы екі күнде ұйықтамағанын айтты.

«Мұндай рахат сезімді сезінбегелі көп болған еді. Магнитогорск халқына, қазақстандық жанкүйерлеріме көп рахмет! Қазақстан, алға», - деді ол ойыннан кейінгі эиоциясын жасыра алмай.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының финалдық кезеңіне «Металлург» пен «Локомотив» командалары шыққан болатын. Төрт ойынға созылған серияның барлық төрт матчында да магниторгсктік клуб жеңіске жетті. Алғашқы матчта жеңіске жетуге Никита Михайлис соққан шайба көмектесті.

Жалпы, «Металлург» сапында қазақстандық үш хоккейші ойнайды. Олар: Никита Михайлис, Валерий Орехов және Максим Мухаметов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам