Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Канада хоккейшілері Қазақстан қақпасына 11 шайба соқты

01.05.2024, 11:49

Енді Қазақстан құрамасы соңғы ойынын Норвегияға қарсы өткізеді

Финляндияда өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Канададан 3:11 есебімен ойсырай жеңілді.

Бірінші кезеңде канадалықтар Темірхан Алпысбаев қақпасына үш шайба соқса, Қазақстан тарапынан Асанәлі Сәркенов бір голмен жауап қайтарды.

Екінші кезеңде Канада тағы төрт шайба соқты. Мұнан кейін бас бапкер Георгий Верещагин қақпашы Алпысбаевты Данил Лыткинге алмастырған. Алайда, ойынның қалған бөлігінде ол да өз қақпасына төрт шайба жіберіп алды.

Ал, Асанәлі Сәркенов болса хет-трик авторы атанып отыр. Қорытынды есеп – 11:3.

Осылайша Қазақстан B тобында небәрі екі ұпаймен турнир кестесінің соңғы орнына жайғасты. Енді чемпионаттан «ұшып» кетпес үшін соңғы ойында A тобының аутсайдері Норвегияны жеңуі керек.

Еске салайық, бұған дейін жерлестеріміз турнир фавориттерінің бірі – Чехия құрамасын 4:3 есебімен (овертаймда) жеңіп, жарыстың сенсациясын жасаған болатын. Ал, оның алдында Швейцария мен Швециядан ойсырай жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам